Тамыздың алғашқы жексенбісінде теміржолшылар өзінің кәсіби мерекесін атап өтеді
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде сала мамандарын марапаттауға арналған салтанатты іс-шара өтті
Шараға сала ардагерлері, теміржол көлігінің қызметкерлері, еңбек әулеттерінің өкілдері мен көлік саласының басшылары қатысты.
Тедегі көлік саласында 110 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді. Олардың күнделікті еңбегінің арқасында үздіксіз жолаушылар мен жүк тасымалы, өңірлердің көліктік байланысы және экономиканың тұрақты жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде.
Соңғы бес жылда теміржол саласы өнімінің көлемі 3,4 есеге өсті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша теміржол инфрақұрылымын ауқымды модернизациялау жалғасуда. Жаңа теміржол желілерін салу жобалары жүзеге асырылып, магистральдардың өткізу қабілеті арттырылуда, 124 теміржол вокзалы жаңартылып, локомотив паркі мен жылжымалы құрам толықтырылуда.
Елдің транзиттік әлеуеті артып келеді: 2021 жылдан 2026 жылға дейін теміржол транзитінің көлемі ұлғайып, 33 миллион тоннаны құрады. Осылайша, Қазақстанның Еуразияның басты көлік-логистикалық хабы ретіндегі позициясы нығайып келеді.
Жолаушылар тасымалының сапасы да артуда. Соңғы жылдары 650-ден астам жолаушылар вагоны жаңартылды. Тек 2026 жылдың өзінде 191 жаңа вагон жеткізу жоспарланған. 2030 жылға дейін қолданыстағы вагондардың 90%-ға дейінін ауыстыру көзделген, бұл жолаушыларға жайлылық пен қауіпсіздік деңгейін және қызмет көрсету сапасын едәуір арттырады. Осы бағытта жолаушылар тасымалының ірі ойыншыларымен бірге Vputi.kz платформасы бар Kaztechnology компаниясы да жұмыс істеп жатыр.
Салтанатты шара барысында марапаттау рәсімі өтті. Көлік министрлігінің ведомстволық марапаттарымен саланың 27 маманы марапатталды.
ҚР Көлік министрлігінің құттықтауларына қосыла отырып, Kaztechnology компаниясы теміржол саласының қызметкерлеріне кәсібіне адалдығы, жоғары кәсібилігі және елдің көлік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді!


